Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының 90% алдағы екі жылда интернетпен қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте дүниежүзілік желіге мектептер, ауруханалар және басқа да мемлекеттік мекемелер қосылады.

Келесі жылдың өзінде «Қазақтелеком» компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша 250-ден астам адам тұратын облыс ауылдарына талшықты-оптикалық беру желілерін салуды бастайды. Ең алдымен интернет мемлекеттік мекемелерде: мектептерде, ауруханаларда, әкімдіктерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және т.б. пайда болады. «Осы ауылдардың, сондай-ақ маңайдағы, ұсақ кенттердің тұрғындары да интернетті пайдалана алады. Олар үшін максималды қамту аймағында секундына 20-30 мегабитке дейінгі жылдамдықпен 4G желілері қол жетімді болады. Модемдерді сатып алу қажет», – деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды аймақтық Магистральді желі учаскесінің техникалық директоры Игорь Лялин. Қазір өңірде ауыл тұрғындарының 44%-ы жылдам интернетті пайдалана алады. 2022 жылға қарай бұл сан 90%-ға дейін өседі.
ҚазАқпарат