Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 9 айдың қорытындысы бойынша 50 пайызға артқан. Бұл туралы сенаторлардың алдында есеп берген Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министірінің бірінші орынбасары Илхомжон Неъматов  мәлімдеді.

Жалпы, Өзбекстанның әлемдегі өзге алпауыт елдерімен арадағы сыртқы байланысы да жақсара түсті. Соның арқасында жыл соңына дейін 3 миллиард  долларға жуық инвеститция құйылады деп күтілуде. Шетелдің қалталы азаматтарын Өзбекстанның жер асты қазба байлықтары мен Атом энергетикасы және ауыл шаруашылығы, туризм саласы көбірек қызықтырады. Жалпы құны 1,6 миллиард долларға 61 жоба жүзеге асып, нәтижесінде 1 400 жұмыс орны ашылған. Ал Ұлы Жібек жолы бойында қатар жатқан Қазақстан мен Өзбекстан визаларды өзара тану жөніндегі келісімге келді. Соның негізінде туристер  бір құжатпен екі елдің аумағында емін-еркін жүре алады.  «Мен Сыртқы істер министрлігі ерекше мән беріп отырған үш мәселеге тоқталғым келіп отыр. Олар – Өзбекстанның инвестициялық мүмкіндіктері, екінші – экспорттың әлеуетін арттыру, үшінші – елге келетін туристер санын еселеу. Соңғы мәселе бойынша Мемлекет басшысы Конституция күнінде сөйлеген сөзінде биыл елімізге 4 миллионнан астам турист келгенін атап өтті. Егер оның әрқайсысы 500 доллар ғана жұмсады деп санасақ, онда саяхатшылар қоржынымызға 2 миллиард доллар салды деуге болады», – дейді Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Илхомжон Неъматов.

ҚазАқпарат