Тәуелсіздік күніне орай №2038 әскери бөлімінде алғаш рет модульді кешен салынып, Қордай ауданына қарасты Еңбек және Ауқатты елдімекендерінде жаңа заставалар ашылды.

Осыған байланысты қос елдімекенде де салтанатты іс-шара өтті. Атап айтқанда, Қордай ауданының Еңбек ауылында «Еңбек» және Ауқатты елдімекенінде «Жасылтөбе» шекара заставасы ашылды. Оған аудан басшылығы,  ақсақалдар алқасы өкілдері және ауыл жұртшылығы қатысты.

ҚазАқпарат